29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Сауат ашу курсы жаз бойы жалғасын тапты

Сауат ашу курсы жаз бойы жалғасын тапты

Мешіт тынысы
Жарнама

2 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz –  «Шейх Кунта қажы» мешітінде «Имани жаз ІІ» атты мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«ҚМДБ 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» (тұжырымдаманың 5.1-тарауы) негізге ала отырып, «Имани жаз» курсы бойынша мектеп жасындағы шәкірттер имани сауат ашумен қатар, ахлақ, дәстүр, ата-ананы, ұстазды  құрметтеу, қоғамға пайдалы азамат болу сияқты тәрбие тәлімдерін де үйреніп шыққан.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің бастамашылығымен «Имани жаз» курсы тұңғыш рет жаз бойы өз жалғасын тапты.  200 шәкіртті оқытуға толығымен дайын.

Салтанатты шараның басталуында құттықтау сөз сөйлеген  «Шейх Кунта қажы» мешітінің Бас имамы Сәбит Ережепов жас шәкірттерді рухани нәр алған білім сапарларының аяқталуымен құттықтады.

«Әрбір баланың тәрбиелі болуы, Отанын, елі мен жерін сүйетін ұрпақ болуы – біздің басты мұратымыз. Сол үшін іс-шараны жаз бойы жалғастыруға бар күшімізді салдық. Аталған шараға атсалысқан ұстаздарға, ата-аналар қауымы мен мешіт жамағатына айырықша алғысымды білдіремін», - деді Бас имам.

Сонымен бірге, Сәбит Ережепов шәкірттерді ел мен жұртқа пайдалы азамат болуға үндеді.

Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінен арнайы келген «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Нұрсұлтан Мамедалиев  аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Имандылық дәрістерінің жаз бойы өз жалғасын табуы – айырықша құптарлық үрдіс. Бала тәрбиесі дінімізде де өте маңызды мәселелер санатында. Имандылық білімдерін үйрену балаларды елшіл, отаншыл азамат ретінде қалыптасуына, қоғамға зиян емес пайда ойлайтын тұлға болуына жол ашады», - деді Н. Мамедалиев.

Мешіт ақсақалдары жүрекжарды құттықтауларымен бөлісіп, шәкірттерге ақ батасын берді. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы төрағасы Героев Салман Сайдарович мешіттің стратегиялық маңызына тоқталып, ұлтаралық, этносаралық тартулықтың маңызына тоқталып, тағдыр тәлкегімен келген халықтарға құшағын ашып, бүгінгідей бейбіт заманда да дәстүрі мен сеніміне құрметпен қараған, дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндік берген қазақ еліне, қазақ халқына алғысын жеткізді.

Іс-шара барысында жиналған ата-аналар мен мешіт ақсақалдарының алдына шәкірттер кезек-кезек Құран сүрелерін оқып өздерінің курстан үйренген білімдерімен бөлісті.

«Имани жаз ІІ» курсына демеушілік жасаған мешіт жамағаты мен ұстаздарға Бас имамның атынан арнайы алғыс хаттар мен естелік бұйымдар табыс етті.

Мешіт ақсақалдары сертификат алған шәкірттердің алдағы өмір жолдарына сәт сапар тілеп, ақ батасын беріп ақжарма көңілмен шығарып салды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

05

3

01

02

03

04

06

07

08

09

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

24

25

26

Бөлісу: