4 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – «Астана» медресе-колледж ұжымы келісімшарт негізінде үш жыл бойы қызмет еткен мысырлық ұстазды еліне шығарып салды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар универсеті арасындағы ынтымақтастық аясында үш жыл қызмет етуге келген ұстаз, хафиз, Ханафи мәзһабының магистрі Абделмонейм Ибрахим Ахмед Ибрахим келісімшарт уақытының аяқталуына орай еліне қайтты.
«Астана» медресе-колледжінде жұмыс жасаған білікті ұстазды медресе-колледж директоры Ақжігітов Бекзат қазақы дәстүр бойынша тақия кигізіп, шапан жауып, сый-сияпат көрсетіп шығарып салды.