29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір-бірімізді қолдасақ, жалғыздық көрмейміз (ФОТО)

Бір-бірімізді қолдасақ, жалғыздық көрмейміз (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

28 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешіті «Бір-бірімізді қолдасақ, жалғыз қалмаймыз» атты дәстүрлі қайырымдылық шараны жалғастырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласындағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының Онкологиялық дертке шалдыққан балалар бөліміне кезекті рет көмек көрсетілді. Бұл жайында «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Дәурен Мүслимов: «Балаларға дәрі-дәрмек, су, әр түрлі қажетті заттарға күнде шығын жасалады. Бастапқыда аз шығын болып көрінгенімен жинақтала келе қомақты сомаға айналады. Сол себепті, қолымыздан келген көмегімізді аянбай жасаймыз және басқаларды да атсалысуға шақырамыз. Бүгін біз мешіт жамағатымен бірге памперс, сулық (салфетка), мүгедектер арбасы және әр түрлі азық-түлік әкелдік», - деді.

Керекті заттармен қамтамасыз ету барысында Бақыт пен Әлия Кенжалы, Ырсалды Оспанова, Темірлан Сәкенов, Шыңғыс пен Дамира Мейірмановалардың көп еңбегі сіңді. Мешіт жамағатының бірі – Шыңғыс Мейірмановтың айтуынша көптеген жанашыр кісілер қол ұшын созып жатыр, бірі заттай әкелсе, бірі ақшалай, бірі азықпен әкелуде.

«Мұның барлығы айналамызда мейірімді жандардың көптігін білдіреді. Егер бір-бірімізге демеу болсақ, қандай жағдайда болсын жалғыз қалмаймыз», - деді Шыңғыс.

«Сөз соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін еске салғым келеді», - деді Д.Муслимов – «Сіздерден Аллаға ең сүйікті әрі ең жақсыларың басқалар үшін пайдалы болғандарың».

Тек қана азық-түлікке жалпы саны 360 000 теңге қаржы жұмсалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

7

10

12

4

Бөлісу: