26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елорда мешіттері Қадір түнін жоғары деңгейде қарсы алды (ВИДЕО+ФОТО)

Елорда мешіттері Қадір түнін жоғары деңгейде қарсы алды (ВИДЕО+ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

12 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты Елорда мешіттерінде Қадір түні өткізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Биылғы Қадір түні жылдағыдан өзгерек. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқы болуымен өкілдікке қарасты мешіттер арнайы бағдарламамен Қадір түнін қарсы алды. Күнделікті ауызашар берілетін Рамазан шатырларында сәресі қоса берілсе, сырттай мыңдаған адамға арнаулы дайындалған ауызашарлар мен сәресілік ас мәзірі тегін үлестірілді.

Мешіт ауласына LED экрандар қойылып, мешітке сыймай сыртта құлшылық жасаған бауырларымызға іште жасалған уағыз-насихат көріністері мен арнайы дайындалған роликтер көрсетіліп, қасиетті кештің өз деңгейінде өтуіне мүмкіндік жасалды.

Ай бойы Тарауық намазында оқылған Құран Хатым соңына жетіп, жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Сонымен бірге, жиналған қауымның аз да болса дұрыс діни ақпараттармен сусындауы үшін  арнаулы бағдарлама аясында танымдық уағыз-насихаттар айтылды.

Ал, «Нұр Астана» орталық мешітіндегі Қадір түні тіптен өзгеше. «Қазақстан» ұлттық арнасы 23:00-ден 03:00-ге дейін мешіттегі мерекелік шарадан тікелей трансляция жасап, бас қаланың орталық мешітіндегі іс-шараларды республика жұртшылығымен бөлісті. Мешіт ауласында 4 жерге LED экран қойылып, сырттағы жамағаттың да қасиетті түнге орайластырылған іс-шаралар легінен қағыс қалмауына мүмкіндік жасалды.

Бас имам Асқар Әбітайұлы жиналған жамағатты мүбәрак түнмен құттықтады:

«Құрметті қауым! Баршаларыңызға қасиетті Қадір түнін мүбәрак, берекелі етсін! Жасаған ниет, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Неге біз Қадір түнін осындай қадірлейміз? Сонша уақытымызды қиып, неге біз мешіттерге жиналамыз? Оның сыры неде? Өйткені, Қадір түні – Алла Тағаланың қасиетті Құраны түскен түн. Құранмен береке болған түн. Қадір түні – жасаған ғибадаттарымыз сексен үш жылдың құлшылығына татитын түн. Қадір түні - жер бетіне бүкіл аспан періштелері түсетін түн. Қадір түні сіздің дұғаңыз, тілегіңіз, ниетіңіз қабыл болатын түн. Сіздің тағдырыңызда болуы мүмкін жаманшылықтардың осы түні жасаған дұғаларыңыздың себебінен тосылатын, сізден қайтарылатын қасиетті түн. Сол үшін біз Қадір түнін жақсы көреміз», - дей келіп, «Қадір» сүресін қысқаша тәпсірлеп, жамағатқа мың айдан қайырлы түннің қадір-қасиетін айтып берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен Хатым дұғасы жасалып, еліміз бен жерімізге бақ-береке, ырыс-құт тіледі.

Наиб имамдар Әділхан Серікбай мен Ербол Абдуахит «Қадір түнінің қасиеті», «Пайғамбар (с.ғ.с.) өнегесі», «Қадір түні не істеу керек?» деген тақырыптарда тұщымды уағыз-насихат айтты.

Міне, осылайша биылғы Қадір түні де асыл дініміздің тарихына айналып үлгерді. Бүгін мешітке жиналған жамағаттың жүрекпен жасаған құлшылықтары қабыл болғай! Түнгі намаздан жүрек тыныштығын тапқан әрбір мұсылманға Алла разы болсын!

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

56

7

8

9

10

11

12

13

14

16

38

37

44

40

41

42

43

1

2

3

4

6

7

5

IMG 20180612 WA0125

IMG 20180612 WA0126

IMG 20180612 WA0127

Бөлісу: