01
Жұма,
Қараша

һижри

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

05 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Насихат жəне қоғаммен байланыс бөлімі Әйел-қыздар секторы, «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан ашылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының демеушілері мен мүшелеріне ауызашар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ашылғанына екі жылдай уақыт болған «Жібек» қыз-келіншектер клубы осы уақытқа дейін көптеген игі істерге мұрындық болды. Жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтап өткен клуб жетекшісі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева: «Көптеген мейірімділік жәрмеңкелерінің, қайырымдылық істерінің басы-қасында жүріп демеушілік жасаған, қолғабыс көрсеткен жанашыр жандарға алғысымызды білдіру мақсатында ақ дастарханымызды жайып отырмыз, - деді.

Клуб төралқасының мүшесі, ақ жаулықты қарт Бақыт апа ауызашар дұғасын жасағаннан кейін Әзірет Сұлтан мешітінің  ұстазы Эльмира Бұхарбаева Рамазан айы жайында уағыз айтты. Кештің қадірлі қонақтары бірінен соң бірі ортаға шығып өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының жүрекжарды тілегі мен халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаеваның ыстық ықыласты сөздері кештің шырайын келтірді. Сыйластық пен сүйіспеншілікке толы Рамазан кешінің  жалғасында арнайы шақырылған ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы Оңалту бөлімінің басшысы, психолог Лимана Қойшиева мен радиожурналистер  Ақбаян Сапарбай, Гүлнар Омарханқызы және Майра Төлепберген «Жібек» қыз-келіншектер клубының осы уақытқа дейін бірлесіп жасаған игі шараларына тоқталып, жақсылықтың жаршысы болып қыз-келіншектерімізге ұлттық құндылықтарымыз бен тәлім-тәрбиені насихаттайтын бірден-бір орталық ретінде алдағы уақытта да табысты жұмыстар атқаруын тіледі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

19

2

3

5

7

8

9

10

11

12

14

13

15

16

17

20

21

 

 

 

Бөлісу: