30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нәпіл ораза ұстаушыларға ауызашар берілді

Нәпіл ораза ұстаушыларға ауызашар берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

11 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Кеше «Төлебай» мешітінде Бас имам Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен бір топ жамағат Шағбан айында нәпіл ораза ұстаушыларға ауызашар берді, деп хабарлайды Ummet.kz тілшісі.

Бас имам Асхат Сапашұлы ауызашарға келген жамағатқа «Ислам және отбасы» жылы аясында «Үйленудің маңыздылығы» және «Мұсылманның жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болуы» жайында уағыз-насихат айтты.

Бас имам уағыз барысында мұсылман адамның Алла Тағала алдындағы жауапкершілігінің бірі отбасы екенін айта келе: «Жанұя бақытының негізі -  ерлі-зайыптылардың өзара түсіністігі пен мейірімділігінде. «Фурқан» сүресінде айтылғандай: «Раббымыз, бізге жұбайларымызды, ұрпақтарымызды көз қуанышымыз ете гөр. Сондай-ақ, бізді тақуалардың алды ете гөр, деп тілейміз,»» - деп сөзін дұға-тілекпен аяқтады.

Қасиетті үш айларға байланысты «Төлебай» мешітінде жиналған жамағатпен уағыз-насихат, жат ағыммен жұмыс, сауат ашу жұмыстары жандануда.  

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

3

4

Бөлісу: