01
Жұма,
Қараша

һижри

«Нұр Астана» орталық мешітіне білікті мамандар тағайындалды (ФОТО)

«Нұр Астана» орталық мешітіне білікті мамандар тағайындалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

26-ақпан. АСТАНА /UMMET.KZ/ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен «Нұр Астана» орталық мешіті жаңа білікті кадрлармен толықтырылды.

Республикалық Ислам діни бірлестігінің филиалы Астана қаласы Көктал алқабы Сұлукөл көшесінде орналасқан мешіттің бас имамы Мамлюк Мусаев бұрыңғы қызметінен босатылып, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы әрі аталмыш мешіттің іс-басқарушы қызметіне тағайындалды. Берікбол Жанақов Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалса, Мақсат Мұратұлы осы мешіттің үйлестіруші ұстазы болып бекітілді.

Сонымен қатар, Астана мешітерінде бірқатар ауыс-түйістер болды. Атап айтқанда, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде абыройлы қызмет атқарып келген Рашид Алпысбаев ОҚО Шымкент қаласындағы Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің Бас имамы болып тағайындалса, Жасұлан Абутәліп Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы болып бекітілді. Сондай-ақ Қостанай облысы, Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Төлеген Керімбев Астана қаласы «Әс-Сәлам» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Осыған орай, қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Астана бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов бірқатар жаңа мамандарды жиналған жамағатқа таныстырып өтті.

1

2

3

Мусаев Мамлюк 

5

1968 жылы туған.

1990-1991 ж.ж. Ташкент қаласындағы Сауат ашу медресесінде оқыған.

1992-1994 ж.ж. Алматы қаласы Жоғары Ислам институтын оқып бітірген.

1995-1996 ж.ж. Исламабадтағы Әлемдік Дағуа академиясында білімімді жетілдірген.

2003-2009 ж.ж. «Құқықтану» мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы университетті тамамдаған.

2011-2013 ж.ж. Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтанушы» мамандығы бойынша оқып бітірген.

1994-2016 ж.ж. Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде найб имам жұмысын атқарды.

2016-2018 ж.ж. Астана қаласы Көктал алқабы Сұлукөл көшесінде орналасқан мешіттің Бас имамы болып қызмет істеп келген.

Берікбол Жанақов Мергенбайұлы 

13

1987 жылы туған.

2005-2009 жж. Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті. Мамандығы: имам-хатиб; араб тілі оқытушысы, исламтанушы, бакалавриат.

2010-2012 жж. Қазақстан-Ресей университеті; юриспруденция (бакалавриат), екінші жоғары оқу орыны.

2014-2016 жж. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, дінтану, магистр дәрежесі.

2009-2014жж. «Астана медресесінде» араб тілінің оқытушысы.

2012-2014жж. «Нұр Астана» орталық мешітінде бас имам көмекшісі.

2014-2015жж. «Шейх Кунта қажы» атындағы мешітте найб имам қызметі.

2015-2016жж. МСМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі Ғылыми зерттеу және талдау орталығы РММ, Исламды зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

2016-2018жж. Астана қаласы, «Әлжан Ана» мешітінің найб имамы.

Байзақ Мақсат Мұратұлы

53

1993 жылы туған.

2013 – 2017 ж.ж. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бакалавр «Исламтану» мамандығы тәмамдаған.

2017 – 2018 ж.ж. Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ақпарат және талдау бөлімінің қызметін атқарған.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: