26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне  орай, Астана қаласындағы «Азия парк» сауда кешенінде, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік мекені» жобасы аясында «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасылардағы бүлдіршіндер қатысқан бұл игі шараның негізгі мақсаты – еліміздегі балалардың тәрбиесіне ықпал етіп, күлкі сыйлау.

Аталмыш іс-шарада ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бүлдіршіндер алдында сөз сөйлеп, тілек білдіріп, балалардың логикалық дамуына арналған «7 өнер» студиясының ұлттық нақыштағы отандық ойыншықтарын табыстады. Мерекелік кеш барысында балалар «Baby park» ойын-сауық кешенінде көңіл көтеріп, арнайы әзірленген дастарханнан дәм татып, соңынан, «Арман» кино-орталығында әсерлі мульфильм тамашалады. Мерекелік кеш қызықты әрі көңілді өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нұр Астана» орталық 

мештінің баспасөз қызметі

Бөлісу: