Кеше Малайзия елінің Сұлтан Зайналабидин университетінің вице-канцлері, професор, ғылым докторы Яхйа ибн Ибрахим бастаған делегация Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне келді. Мәртебелі меймандар келелі кездесу барысында еларалық білім саласындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту жайын талқылады.
Малайзия делегациясының сапары бүгін Астанада жалғасып, олар «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» мешіттерінде болды. Елордадағы дін Исламның көкжиегінің кеңейіп, мешіттердің көркеюіне көңілдері толып, дін туралы өзекті мәселелерде мақсаттары ортақ екендіктерін айтып, тілектестіктерін білдірді.
Сұлтан Зайналабидин университеті қазіргі уақытта Малайзияның ең ірі беделді оқу орны саналады. Аталмыш оқу орнында 9 факультет бар. Онда 8 000 студент білім алуда. Ал 5 000 студент жатақханамен қамтылған.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі