14-қазан Астана Sunna.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жаңадан екі найб имам және бір білікті ұстазбен толықты.
Қасиетті жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіның Бас имамы Жұманазар Садырханов жұма уағызынан кейін, жамағатқа Онғар Хайридинов, Нұрсұлтан Шамшиден, Серікбол Хаманұлы қатарлы жаңа имамдарды таныстырды. Атамлыш игі-шарада имам Бас мүфтидің бұйрық хатын оқып, имамдарлың дін жолындағы алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі.
Қызметке жаңа орналасқан имамдар Діни басқарма бойынша ең жас имамдар болып саналады. Еліміздегі діни ЖОО-ның түлектері қызметке кірісе бастауы – халқымызға тиімді болмақ.
Сонай-ақ, қасиетті жұма намазынан кейін, мешіт ақсақалы Ғабдырахман ата дін саласына осындай жастардың көбірек орналасуы – игілікті іс екенін айта келіп, сөз соңында ақсақал жас имамдарға ақ батасын берді.
Жаңа имамдардың өмірбаяны:
Хайридинов Онғар Мұхамадиұлы – 1994 жылы туған.
2011-14 ж.ж «Астана» медресесіде оқыған.
2014-17 ж.ж Түркиядағы «Хасеки» академиясын тәмамдаған.
Үйленген. Бір ұлдың әкесі.
Шамшиден Нұрсұлтан Мұхамеднұрұлы – 1994 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Есір ауылында туған.
2011-14 ж.ж «Астана» медресесінде оқыған.
2014-17 ж.ж «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған.
Серікбол Хаманұлы – 1978 жылы туған.
2003-2007 ж.ж Отырар университінде тарих фаукльтетінде оқыған.
2007-2009 ж.ж «Шымкент» медресесінде қызмет атқарған.
2011-2017 ж.ж Египетте Әл-Әзһар университеті, Шариғат және Заң факультеті Ислам шариғаты бөлімін тәмамдаған.
Үйленген. 1 ұл, 1 қыздың әкесі.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі