Корпоративтік "Зекет" қоры" қорының Астана қаласы өкілдігі "Тайқазан" жобасы аясында 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік қапшықтарын үлестірді.
Ай сайын бұл жоба әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды азық-түлікпен қамтиды. Атап айтқанда, қордан көмек сұраған көпбалалы, жесір аналар, асыраушысы жоқ қарт кісілер, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде қамқорлық көрсетіледі.
Бұл жолы «Тайқазан» жобасы әр отбасыға 10 кг ұн, 5 кг макарон, 5 литр сұйық май, 2 кг қант, 5 кг картоп, 5 кг сәбіз, 5 кг пияз, 5 кг күріш және қарбыздан тарту етті.
Корпоративтік "Зекет" қоры" қорының қалалық филиалы жанашыр азаматтарды жақсылықта жарысып, ай сайын ұйымдастырылатын ізгі шараға атсалысуға шақырады.
ummet.kz