Жаңа оқу жылына орай кеше «Төлебай» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов ұйымдастырған дәстүрлі шараға Астананың, Күйгенжар және Интернациональный (Учхоз) тұрғын аумақтарының әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылары қатысты.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының ашылуында Осы ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі атынан «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов мектеп оқушылары мен ата-аналарын келе жатқан Білім күнімен құттықтап, оқушыларға мектепке керекті заттарды табыс етті.
Сондай-ақ, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сапашұлы оқушыларды сабақты жақсы оқуға шақырып, оларға мектеп сөмкесі мен қажетті құрал-жабдықтарды тапсырды. "Мектепке жол" акциясы аясында бас-аяғы 80 оқушыға көмек көрсетілді.
Жиын соңында мешіт жамағатының Серік есімді құрметті ақсақалы «Төлебай» мешітінде өткен игі іске ризашылығын білдіріп, оқушыларға ақ батасын берді.
ummet.kz