Қасиетті Рамазан айының кезекті кешінде «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университетінің жатақханасына барып, 50 студентке ауызашар берілді.
Ислам шариғатында ауыз ашар берудің маңызы туралы кеңінен айтылған. Бұл сөзімізге: «Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген пайғамбар хадисі айқын айғақ. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сапашұлы Рамазан айының қасиеті, оразаның мән-маңызы туралы, сонымен қатар дәстүрлі ислам діні, білімнің артықшылығы, әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, ата-аналарды қадірлеу жайында жан-жақты түсіндіріп, уағыз-насихат айтты.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі