«Нұр Астана» орталық мешітіне қасиетті Рамазан айының кезекті тарауих намазынан соң елімізге белгілі исламтанушы қари «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты Еркінбек Шоқай келді.
Белгілі теолог жиылған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, ораза құлшылығы туралы, сонымен қатар мұсылмандар арасындағы бауырмалдық жайында уағыз жүргізді. Аллаға шынайы иман келтірген момын-мұсылманның сипатына тоқталып, жамағатты әрдайым ауызбіршілікте болуға шақырды.
Уағыздан кейін «Нұр Астана» мешіті жанындағы Рамазан шатырында 500 адамға арналып сәресі берілді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі