Қасиетті Рамазан айында «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов Аршалы ауданында орналасқан ЕЦ-166/5 мемлекеттік мекемесіне барып экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов бас бостандығынан айырылғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оразаның қадір-қасиеті мен артықшылықтарын баяндады. Сонымен қатар, бас имам жүректегі ықылас, ауызбіршілік, ынтымақ, мұсылманның жақсы көркем мінездері жайында және имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабының артықшылықтары туралы орыс тілінде уағыз-насихат айтып, кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі