Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Төлебай» мешітінде «Берекелі Рамазан» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Ізгілікті мұрат еткен игі шараға мешіттің бас имам Асхат Салимов бастамашы болып, тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
Акция аясындағы қайырымдылық шарасына 16 отбасы шақырылып, азық-түлік өнімдері және ауызашар құрмалары берілді. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов жиылған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оразадағы дұға-тілектерге қабыл болсын айтып, қариялардың батасын алды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі