«Төлебай» мешітінде «Ерсайын Манаев» қайырымдылық қорының демеушілігімен «Мейірімділік мекені» акциясы аясында әз-Наурыз мейрамына арналған қайырымдылық шарасы өтті.
«Төлебай» мешіті ұйытқы болған қайырымдылық шарасында «Ерсайын Манаев» қайырымдылық қоры 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірді. Ізгі жандардың ілтипаты мен қамқорлығына, игілікті істі қолға алған мешіт ұжымына разы болған адамдар мешіттің бас имамы Асхат Сәлімовқа және демеушілік көрсеткен «Ерсайын Манаев» қайырымдылық қорына алғыстарын білдірді.
Бас имамы А.Сәлімов өз кезегінде тұрмыстың әр қилы қиыншылықтарына мойымай сабыр етуге шақырып, сабырлы жанға Алланың сыйы әрқашан болатынын жеткізді. Шара соңында мешіт жамағаты Ғабит ақсақал көпшілікке батасын берді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі