01
Жұма,
Қараша

һижри

«Намаз – діннің тірегі». Тірегіміз берік пе?

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – қазақ тарихында үлкен маңызға ие, ұлт мәдениетімен астасқан дін. Халқымыздың салт-санасымен үйлесім тапқан дініміз төрт мектептің бірі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы негізінде тарап, қанат жайды.

Заманның сан қилы сынағынан өткен қазақ руханиятына тұсау салынып, сеніміне ерік берілмеген тұстары да аз емес. «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген кәміл сенімге ие жұрт осы алмағайып уақыттарда шариғатын дәстүрімен сабақтап, әдет-ғұрпымен ұштастырып, бүгінгі ұрпағына аманаттап жеткізді. Тәуелсіздіктің таңы атып, егемендігімізді ту еткен қазіргі қоғам үшін де осы аманат жүгінің салмағы кеміген емес. Ғасырлармен жалғасқан дініміздің ұстындарын халыққа жеткізіп, бабалар салған жолдан жаңылмау, діни жат ағымдардың алдын алу – бүгінгі дін саласының басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта намаз рүкіндерінің Ханафи мәзһабы бойынша оқылу үлгісін көпшілікке барынша кеңінен насихаттау ісі де өте маңызды. «Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі дінімізге тән үлгідегі намазды оқу тәсілдері, атап айтқанда, намаздағы қиям, рукуғ, сәжде әрекеттері және айтылатын дұға, сүрелер, құлшылықтағы негізгі талап-шарттары қысқа да нақты көрсетілген арнаулы тақта орнатылды.

Аталмыш тақта мешітке келуші жұртшылықтың осы арқылы құлшылықтарына оң бағыт-бағдар алып, мұсылмандық міндетін орындаудағы кемшіліктерін түзеуге септігін тигізеді деген сенімдеміз. Айта кетсек, қазіргі уақытта намаз оқуға ниетті кез келген жан үшін мешіт имамдарының көмегімен практикалық тұрғыдан намаз оқуды үйренулеріне де мүмкіндік мол.

IMG 5552

IMG 5561

IMG 5562

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: