26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

РАНТ жұмысы әскери бөлімде жалғасты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) іссапары барысындағы кездесулер легі Елорда ендігінде жалғасын табуда.

Теолог Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминовтың кезекті кездесулері кеше түске дейін Астана теміржол вокзалы мен Қазақ технология және бизнес университетінде, түс ауа Қаржы полициясы мекемесі мен «Абу Даби Плаза» құрылыс кешеніндегі жұмысшылар ұжымында өтті. Ал кешкі шам намазында исламтанушы ғалым Арман Қуанышбаев «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Исламдағы жиһад ұғымы» туралы жамағатқа уағыз жүргізді.

Бүгін РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Нұрмұхаммед Иминов Астанадағы №3660 әскери бөлімінде болып, әскери қызметшілерге шынайы ислам түсінігі мен әскери қызмет, мұсылмандық міндет және азаматтық парыз туралы шариғат тұрғысынан баяндама жасады. Дінтанушымен болған басқосуға Әскери прокуратура өкілі, Ақмола гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі Илияс Исқалиев те болды. Алпысқа жуық әскерилер қатысқан кездесуде Н.Иминов еліміздегі дін саласын реттеуші Заңның маңыздылығы жөнінде байламды пікір білдіріп, зайырлы қоғамдағы діни сенім, ұстаным мәселесі туралы кеңінен хабар берді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: