ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының жұмысы жалғасуда. Бүгін РАНТ мүшелері, белгілі дін мамандары Астана теміржол вокзалы мен Қазақ технология және бизнес университетінде кездесулер өткізді.
Дінтанушы Нұрмұхаммед Иминов темір жол қызметкерлерімен кездессе, исламтанушы ғалым Арман Қуанышбаев Қазақ технология және бизнес университеті профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен дидарласты.
Бұл екі кездесу кешінің әрбірі рухани-танымдық мазмұны терең, мәнді өтті. Келелі кездесуден қатысушылар дәстүрлі Ислам діні туралы мол мағлұмат алды. Кеш соңынан теологтар көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
,
ummet.kz-ақпарат