27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Белгілі теолог Астана жамағатымен кездесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Республикалық ақпараттық насихат тобы (РАНТ) – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті дін мамандары мен ғалымдарынан құрылған, дәстүрлі дінімізді халыққа кеңінен жеткізіп, жат ағым шырмауынан көпшілікті, әсіресе, жас буынды сақтандыру мақсатында қолға алынған жоба.

Бүгінде РАНТ өкілдері республикамыздың барлық өңірінде арнайы сапарлармен барып, жергілікті жұртшылықпен кездесіп, дін мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптардың түйінін тарқатып келеді. Кеше елімізге белгілі исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев осы мақсатта Астана қаласына келді.

Алғашқы дәріс сабағын «Нұр Астана» орталық мешітінің жамағатына өтті. «Бірлік пен бүлік» тақырыбында уағыз жүргізген Арман Қуанышбаев жамағатты бірлікке үндеп, бүлікке апаратын кез келген әрекеттің алдын алуға шақырды. «Ислам дегенде бейбітшілік, бірлік, береке ұғымдары қатар ойға оралады. Ал оның сыртындағы немесе ішінде туған бүлік әрекеттерінің ешбірі шынайы исламның бейнесін бермейді. Мұсылманды шариғатта мүмин деп те атайды. Қазақта бұл момын деген сөзге ауысқан. Момын, жуас адам ешуақытта бүлікке бастамайды. Момын, сабырлы, салиқалы болу – мұсылманның бір қасиеті. Ендеше, біз өзіміздің ішкі дүниемізді байытып, бірлігімізді сақтайық, бабаларымыз салып кеткен жолды жалғастырайық. Сан ғасыр бүтін бір халықтың өмірлік өлшеміне айналған исламды, дәстүрлі бағытты ұстансақ, әсте ұтылмаймыз, жаңылыс баспаймыз» деді А. Қуанышбаев.

Исламтанушының дін тақырыбындағы өзекті мәселелерге арналған уағызынан соң жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарға уақыт бөлінді. Сауал-жауап барысында да біраз жайттарға түсініктеме берілді.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: