27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Н.Ермекбаев ҚМДБ өкілдерімен кездесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесті.

Жиынға вице-министр Берік Арын, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ наиб мүфтилері Серікбай Ораз, Наурызбай Тағанұлы, ҚМДБ аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев, ведомство өкілдері мен діни басқарманың бөлім меңгерушілері қатысты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен жиында министр діни басқарманың жұмысымен танысты. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни басқарманың төрт бағыты бойынша (уағыз-насихат жұмыстары, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары) осы уақытқа дейін атқарылған ауқымды шаралар жайын баяндады. Сондай-ақ, өткен жылдың маңызды іс-шаралары мен қорытынды есебі қамтылған бейнематериал қатысушылар назарына ұсынылды.

Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде жаңа министрліктің алға қойған жоспар-мақсаттарын тарқатып айтты. Еліміздегі діни ахуалға тоқталған министр салафизм ағымына қарсы күрес жұмыстарын күшейту керектігін мәлім етті. Сондай-ақ, діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы зайырлылық қағидаларын халыққа дұрыс жеткізу жайын да атап өтті.

Жиын барысында министрлік пен діни басқарма өкілдері мемлекеттің дін саласындағы саясаты мен дәстүрді дін құндылықтарын насихаттауға байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Мин3

Мин2

Мин6

Мин5

Мин8

Мин9

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: