27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Құрбандық шалудың қыр-сыры түсіндірілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрбан айт – қазақ жұртшылығы үшін ерекше сезіммен күтер мереке. Бүгінде айтулы мейрамда игі істерге, қайырымдылық шараларына үлес қосуға асығар ағайын қарасы молайды.

Ізгіліктің ең үлкені – айт күндері құрбандық шалып, Алла Тағаланың разылығына бөлену. Атаулы мереке күндері арнайы белгіленген нысандарға құрбандық малын союшы қасапшыларға жүктелер міндет те жеңіл емес. ҚМДБ өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті осы мақсатта қасапшыларға арналған семинар-тренинг ұйымдастырып, арнайы мамандар дәріс өткізді.

Бүгін «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты тренинг екінші рет өткізіліп, елуге жуық қасапшы мамандар кеңесін тыңдады. Шараға «Нұр Астана» орталық мешіті бас имамының орынбасары Нұрлан Рамазан, ҚМДБ Халал даму стандарты бөлімінің сарапшы маманы Алмагүл Қуанышқызы, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, құрбандық малын союдың шариғаттағы талап-шарттары мен үкімдерін түсіндірді. Сондай-ақ семинар барысында шариғатқа сәйкес құрбандық шалудың мән-жайы тарқатылды.

Айта кетсек, Құрбан айт мерекесінің құрметіне Астана қаласы әкімдігі тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы сегіз нысанды бекітті.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: