26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Орталық мешіт «Тазалық күнін» өткізді

Мешіт тынысы
Жарнама

Тазалық – ислам дінінің басты қағидаларының бірі. Әлбетте, рухани һәм тән тазалығы мұсылман өмірінің негізгі өлшемдері санатынан.

ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай республика көлемінде қала мешіттерінде тазалық акцияларын ұйымдастырып, мешіт аулаларын, көше бойларын тазалап, ағаш отырғызып, тал-теректерді ақтау секілді жұмыстарды жүргізу жоспарланған еді. Осы орайда бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті ұжымы «Тазалық күнін» өткізді. Дін қызметкерлері мен медресе шәкірттері қолға күрек-тырмаларын алып, мешіт маңы мен Сығанақ көшесі бойында тазалық жұмыстарын жүргізді Өзіне жүктелген жауапкершілікті терең ұғынатын мұсылман жамағаты қала тазалығына үлес қосуды азаматтық міндет деп білді. Айта кетейік, Исламда хош көрілген игі істі дін қызметкерлері алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырып отырмақ.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: