01
Жұма,
Қараша

һижри

Сананы серпілтіп, көңілді сергіткен демалыс (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мешіт – мінәжат ордасы ғана емес, үлкен мәдениет ошағына айналуы тиіс. Бас мүфти меңзеген меже бүгінде Астана мешіттері үшін басты бағдарға айналды.

Елордалық мұсылман жамағаты әруақыт бірліктің белгісін көрсетіп, сан алуан мәдени-рухани, ұлттық және көптеген қайырымдылық шараларында бас қосады. Саналы адамзаттың басты таңдауы – салауатты өмір салтын ұстанып, жамағат арасында спартакиада, футбол турнирлері де өткізіліп келеді.

Осындай игілікті іс-шаралар қала мешіттерінің әйелдер жамағаты ортасында да кеңінен ұйымдастырылады. Ұлттық әрі діни мерекелерде ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларында белсенділік көрсетіп келе жатқан әйел жамағаты елорда іргесіндегі «Балқарағай» демалыс орнына жиылып, көңіл серпілтіп қайтты. Таза ауа, тамылжыған табиғат аясында өзара сан түрлі спорттық сайыстар жасап, жеңіске жеткендері арнайы сый-сияпатқа ие болды.

Ата дін, баба дәстүрін жалғап, ислам құндылықтарын көкірегіне түйген нәзік жанды әйелдер қауымы осылайша ораза қарсаңында денсаулықтарын шыңдап, салиқалы ана-апаларымыздың ақыл-насихатын тыңдап, тәлімі мол ғибрат алды.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: