27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Теңбіл доп» турнирі өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт алаңында елорда мешіттері жамағатының арасында «Теңбіл доп» футбол турнирі өтті.

Жарысқа Астана қаласындағы сегіз мешіттің, медресе мен имамдардан құралған командалар қатысты.

Спорт шарасының ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтау тілегін айтып, жамағатты жарастырған игі істерге ұйықты болған «Нұр Астана» орталық мешітіне алғыс білдірді. Алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралардың көптеп өткізілуін қолдайтынын атап өтті.

Дәстүрлі турнирге арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы спорттық ойындардың салауатты қоғам үшін маңыздылығы мен адам өміріне пайдасына тоқталып, командаларға сәттілік тіледі.

10 команда арасында тартысты өткен футбол турнирінде үшінші орынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы қанағат тұтты. Екінші орынды «Астана» медресесінің «Талап» командасы иеленсе, бірінші орын «Кунта қажы» мешітінің «Арландарына» бұйырды. Жеңімпаз топтарға 20, 40, 60 мың теңге ақшалай сыйақы  берілді. Футбол додасында ерекше ойын көрсетіп, белсене қатысқан өзге де командаларға алғыс хаттары табысталды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: