«Төлебай» мешітінде Ережеп айының құрметіне дастархан жайылып, ас берілді.
Мешіт шәкірттері мен жергілікті жамағатқа арналған кеште бас имам Асхат Сәлімов Ережеп айының қадір-қасиеті туралы насихат айтып, ислам құндылықтарын баян етті. Сонымен қатар, жамағатты ауызбіршілікке шақырып, діни білімді көтеріп, дәстүрлі діни таным-түсінікті кеңейту керектігін айтты.
Кеш барысында мешіттегі сауат ашу курсына қатысып, Құранға түскен шәкірттерге Құран кітаптары сыйға тартылды.
ummet.kz-ақпарат