26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жамағат жәрдем үшін жұмылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ел руханиятының дамуында өзіндік орны бар ғалым, көптеген шәкірттерге ұстаздық етіп келе жатқан исламтанушы Арман Қуанышбаевтың шәкірті, қари Жомарт Төлегеннің жуырда екі жасар сәбиі Ибраһим байқаусызда химикат сұйықтықты ішіп қойып, өңешін күйдіріп алған болатын. Жағдайы ауыр халде болғандықтан оған шұғыл түрде Үндістанда ота жасату керек етті. Ал отаның құны 10 000 долларды құрап, көпшіліктің қаржылай көмек көрсетуіне мұқтаж болған еді.

 Көлемді көмекке мұқтаж болған сәбидің еміне Астана жамағаты ынтымақтаса қолдау білдірді. Нақтырақ айтсақ, «Нұр Астана» орталық мешітінің жамағаты 210 000 теңге; «С.Ғылмани» мешітінің жамағаты 150 000 теңге; «Төлебай» мешітінің жамағаты 95 000 теңге қаржылай жәрдем көрсетті. Астана мешіттерінің жамағаты жалпы саны 455 000 теңге қаржылай көмек жасады.

Сондай-ақ, барша жамағат қари Жомарт Төлегенге кішкентайының тез арада сауығып кетуіне тілектестіктерін білдірісті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім (мұсылман) бауырының қажетін өтесе, Алла тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырын бір қиыншылықтан құтқарса, Алла тағала оны қиямет күнінің бір ауыртпалығынан (қиямет күні басына келетін қиындықтардың бірінен) құтқарады", - деген.

Хадистің аясында топтасып, сәбидің дертіне қаржылай қолдау көрсеткен барша Астана жамағаттарына алғысымыз шексіз. Дерттің шипасын беруші Алла сәби Ибраһимнің тез сауығуына жәрдемші болсын!


«Нұр Астана» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: