Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинарында Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелеріне де тиісті мәселелер қозғалды.
Әсіресе, жергілікті ақпараттық насихат тобы атынан әр түрлі деңгейдегі кездесуге баратын имамдарға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс тәсілі мен әрдайымғы ұстанымдарын түсіндіріп, әрбір түсіндіру жұмыстарында өте қырағылық танытуға шақырды. Сондай-ақ, дін қызметкерінің зайырлы қоғамдағы орны қандай болу керектігін ҚМДБ-ның Жарғысы тұрғысынан тоқтала келіп, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына құрметпен қарап, шеңберінен шығып кетпеу – Діни басқарманың басты ұстанымы екенін жеткізді.
Насихат жұмыстары барысында туындаған мәселелерге қатысты сауалдарын ортаға қойған ЖАНТ мүшелеріне наиб мүфти тұщымды жауап беріп, тиімді бағыт-бағдар көрсетті. Жергілікті насихат тобының жұмысын онан әрі жандандыру мақсатында түрлі ой-пікірлер де ортаға салынды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі