26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өкілдік өткізген жиын маңызды міндеттер жүктеді

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» мешітінде елорда имамдарының кезекті жиналысы өтті.

 

Өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы өткізген жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Діни басқарма бекіткен бағыттар бойынша тапсырмаларды уақтылы атқару, республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды мешіт қызметкерлері мен жамағат арасында насихаттау жайы сөз болды.

«Биылғы ҚМДБ жүктеген міндеттер қатары негізгі бағыттармен бірге форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Дін қызметкерінің этикасы» атты салмақты құжаттарды лайықты дәрежеде бұқараға насихаттау – біздің міндетіміз болмақ. Бұл айтылған құжаттар дін қызметкерлерінің алдағы жұмысына үлкен бағыт-бағдар. Осы бағытта халықпен етене араласып, жамағатқа жақын болуымыз, көпшіліктің ортасында асыл діннің насихатын жүргізуіміз керек» деді өкіл имам.

Наурызбай қажы мұнан соң бас мүфти тапсырмасына орай қоршаған орта мен табиғаттың көркеюіне атсалысу мақсатында «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты акция ұйымдастыру керектігін де мәлім етті. Қайырымдылық шара барысында дін қызметкерлері мешіт аулалары мен көше бойларына, қарттар үйі мен балалар үйі алаңдарында ағаш отырғызып, гүл егіп, тал-теректерді ақтау секілді тазалық жұмыстарын жүргізбек. Игі акция аясында «Көрікті мешіт» атты тазалық бәйгесі де ұйымдастырылмақ. Айтулы шаралардың қала мешіттерінде лайықты сипатта өткізілуі қала бас имамдарына жүктелді.

Кезекті жиын күн тәртібінде мешіттердің ішкі-сыртқы тәртібі, тазалығы мен қажетті ереже-талаптартың дұрыстығы жіті тексеріліп, нақты мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: