01
Жұма,
Қараша

һижри

Ақ дастарханда аналар ардақталды

Мешіт тынысы
Жарнама

6-наурыз күні «Нұр Астана» орталық мешітінде әйел жамағаттарына дастархан жайылды. Оған орталық мешіттің наиб имамдары Қабылбек Әліпбайұлы, Жандос Айтбай және әйел жамағаты мен ұстаздар қатысты.

Алдымен наиб имам Ж.Айтбай бас қосудың мақсатына тоқтала келіп, мешіт тарапынан ер және әйел жамағаттарына арналған мазмұнды игі шаралар жасалып жатқанын сөз етті. Мұнан соң білікті ұстаз Қ.Әліпбайұлы «Әйелдің исламдағы орны» тақырыбында уағыз-насихат жасады. Ислам дінінің келуімен ананы құрметтеу, жарды аялау, қыз баланы сыйлау үлкен маңызға ие болғанын аят- хадистер аясында жеткізіп, тарихи кезеңдерден тұщымды мысалдар келтірді.

Шара соңында көп балалы аналар ардақталып, оларға қаржылай көмек пен арнайы сыйлық пакеттері табысталды. Өнегелі дастарханнан рухани һәм матиралдық қолдау тапқан аналар мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: