Адамзаттың абзалы, ардақты жан, сүйікті пайғамбарамызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін мәуліт айы жалғасымын табуда. Осыған орай, еліміздегі мешіттерде имамдардың ұйытқы болуымен түрлі рухани мерекелік іс-шаралар халықпен бірге аталып өтілуде. Мұнымен қоса, Алла Елшісі (с.ғ.с.) туылған осы айдың құрметіне түрлі бағытта қайырымдылық шаралар да жалғасым табуда.
Міне, мәуліт айының құрметі мен оның мән-мағынасын түсіндіру ниетімен қаңтар айының 10-күні ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті бас шаһардағы көп балалы және тұрмыстық жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық пакет жасап, олардың әрқайсысына еттен үлестірді.
Игі шараның басы-қасынан табылған орталық мешіттің наиб имамы Асхат Салимов көмекке мұқтаж жандарды әуелі мәуліт айымен құттықтады. Мұнан кейін пайғамбар туылған айдың қадір-қасиеті жайында сөз қозғай келіп, мәуліт айын сауапты істермен өткізудің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Қасиетті айда қайырымдылық көрсеткен «Нұр Астана» орталық мешітіне мұқтаж жандар арнайы алғыстарын білдіріп, оларда қуанышты жүзбен үйді-үйге тарқасты.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі