26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Білікті имам – қоғам айнасы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты екікүндік семинардың қорытынды жиыны өтті. Соңғы семинар сабағында ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер комитетінің «Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар» басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов баяндама жасады.

 Білікті мамандар жүргізген семинар соңында дәріске қатысқан имамдарға арнайы сертификаттар табысталды. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы  Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекеттік құзыретті мекемелермен бірлескен жобалардың тиімділігін атап өтті.  «Елімізде дін саласына демеу боларлық жемісті бағдарламалар ұдайы іске асырылып келеді. Бүгінгі қала әкімдігімен бірлескен имамдардың біліктілігін жетілдіру семинары осындай игі жобалардың кезекті жалғасы. Дін саласы қай кезде, қандай қоғамда болмасын, маңызды тақырып. Бұл орайда Елбасымыздың өзі Конституция арқылы ел азаматтарының сенім бостандығына кепілдік берілетінін, ал осы еркіндіктің барлығы заң аясында атқарылуы тиістігін айтып келеді. Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі Мемлекет басшының тікелей қолдауымен қалыптасты. Астана – ел орталығы, үлгі тұтар халықтың айнасы. Ал елорда имамдарының білім-біліктілігі осы абыройға сай жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі қоғам кез келген кәсіп пен мамандық иесінің таным-қабілеті, интелектісі жоғары болуын талап етеді. Бұл семинар осы үдеден шыққан шара деп айта аламыз» деді наиб мүфти.

Айта кетейік, Астана имамдарына арналған семинарда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі, танымал дінтанушы Мұхитдин Исаұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының оқытушысы, дінтанушы Кеңшілік Тышхан сынды дін сарапшылары дәріс оқыды.

 

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі  

Бөлісу: