26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ойлы оқырман, олжадан құр қалмаңыз!

Мешіт тынысы
Жарнама

Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Әуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтанып тұрады» деп, бүгінгі баспасөз құралының қоғамдағы орнын көрсетіп кетті.

Бүгінгі қоғам - технологияның дамыған дәуірі. Іздеген дүниені ғаламтор кеңістігінен оп-оңай алудың мүмкіндігі мол. Десек те, газет-журнал сынды басылым құралдары қай уақытта да өз құнын жоймақ емес. Сондықтан да болар, «газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мың күндік».

Ал, өз оқырмандарына ойлы да мазмұнды материал ұсынып келген имани басылымдар мұсылман қауымы үшін айрықша құрметке ие деп білеміз.

Тағы да «Қазақ газетінің» негізін қалаушы Ахмет атамызша айтар болсақ, «газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші. Газеттің пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газет-журналдары көп...». Осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған сөздің салмағы бүгін де басым.

Осы орайда асыл дініміздің ақжарылқап қолқанаты бола білген қос басылым –«Ислам және өркениет» және «Иман» журналына арналған оқырман бәйгесін жария еттік. Сүйікті басылымның ойлы оқырмандары бір жылға жазылып, дін Исламның көкжиегін кеңейтуге өз үлестерін қоса алады. Дихандар қауымы күзде егін жинап, көктемде тұқым себетіні секілді, баспасөз айдынында да күз маусымында газет-журналға жазылу науқаны басталады.

Игілікті іске ұйыған астаналық мұсылман жамағаты бәйгеден өз үлесін алады деп сенеміз. Бәйге шарттарына сәйкес жеңімпаздарға арнайы заттай және қаржылай сыйлықтар тағайындалды. Ал, бәйгенің бас жүлдесі – қасиетті Меккеге Ұмра қажылығына жолдама. Оқырман олжасынан қалыс қалмаңыздар!

Байланыс: 8 (7172) 44 58 48, 44 61 65, 87786112717 . 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: