27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Астана имамдары тұғырнаманың видео нұсқасын әзірлеуде

Мешіт тынысы
Жарнама

Жадымызда болса, 19-ақпан күні елордада ҚМДБ-ның ұйытқы болуымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І имамдар форумы өткен-ді. Форумда мынадай мәні мен маңызы зор төрт құжат қабылданды: «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті».

Иә, төрт құжаттың өзіне тән көтерер жүгі бар. Әрбір құжат өз құндылығымен қазақ қоғамына әсіресе, исі мұсылман баласының тонның ішкі бауындай ынтымақта болуына қызмет көрсетуде. Соның бірі – Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы мен Мұсылманның тұлғалық бейнесі. Міне, осы құжатты халыққа кеңірек насихаттау мақсатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет берген тапсырмаға сай,Астана имамдары арнайы жұмыстар жүргізуде.

Нақтырақ айтқанда, ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен ҚМДБ жанынан ашылған «Хикмет» телерадиостудиясы арқылы Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы мен Мұсылманның тұлғалық келбеті атты құжаттарды насихаттауға арналған жоспар жасалды.

Жоспар шеңберінде қала имамдары құжатта көрсетілгендей мұсылманның негізгі сенімі, зайырлы қоғамға қатысты ұстанымдары, ұлтымыздың алдындағы міндеттері, дінаралық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі, салт-дәстүрлерімізге құрметпен қарауы, білім мен ғылымды меңгеруі, отбасы құндылығы, теріс ағымдарға қатысты ұстанымы, т.б. мәселелерді видео арқылы насихаттап, халыққа тұғырнаманың негізгі танымы мен мән-маңызын жеткізу жұмыстарын бастап та кетті.

Ел мұсылмандарының күнделікті тыныс-тіршілігінен бастап, ел тұтастығын және халықтар достығы мен бірлігін одан әрі нығайту қашанда маңызды іс. Ал, еліміздің мұсылмандары үшін жасалған тұғырнаманың тұғыры қашан да биіктей бермек.

 

{youtube}me6-JCF6Hmw{/youtube}

 

{youtube}9Fjm4ry1Jsw{/youtube} 

 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: