27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жөні бөлек жүздесу (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін елорданың айшықты құлшылық үйі «Нұр Астана» орталық мешітіне Бахрейн корольдігі «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Әділ Хасан әл-Хамад бастаған бір топ делегация келді. Бұл қатарда қордың вице-президенті шейх Уахит Халил Әли, қаржы төрағасы шейх Әли Ахмад әл-Рауйи, құрылтай мүшелері шейх Жамал әл-Жалахима мен шейх Омран Даруиш болды.

Мәртебелі меймандар ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен, Астана имамдарымен һәм мұсылман жамағатымен жүздесіп, салиқалы сұхбат құрды. Мұсылман халқының ауызбіршілігі мен ынтымағы, рухани үндестігі жайында пікір алмасқан Бахрейн өкілдері дін қызметкерлеріне, Қарилар медресесінің шәкірттері мен астаналық жамағатқа Құран кітаптарын сыйға тартты. «Мұсылман үмметінің басын біріктіруші – Құран. Құранға деген құрмет мейірімділікті арттырады» деген доктор Әділ әл-Хамад қасиетті кітапты әлем халықтарына таратуды көздеп отырғанын жеткізді.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз кезегінде өлшеусіз сыйлық әкелген шейх Әділ Хасанға алғысын айтып, қазақы салтқа сай қонақтардың иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Ал шейх Әділ Хасан наиб мүфтиге өз дәуірінде ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  өз мөрлеп жіберген Бахрейн елін Исламға шақырған хатының көшірме суретін естелікке табыс етті.

«Құран Кәрімді қолдау» қоры 2006 жылы құрылған. Осы уақыттан бері аталмыш қор 3 500 000 кітап таратып шыққан. Қазақстанға да жолы түскен Бахрейн делегациясы Діни басқармаға 100 000 дана Құран кітабын сыйға тартты. Қор президенті алдағы уақытта қасиетті кітапты қазақ тілінде басып шығаруға да ниетті екендіктерін мәлім етті.

 

 

 

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: