26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран тарату Елордада жалғасады

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен елімізге Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан жеткізілген 100 000 (жүз мың) дана Қасиетті Құран Кәрім кітабы еліміздің мешіт, медреселері мен діни орындарға үлестірілуде.

Алматы қаласынан бастау алған аталмыш игі шара елордамыз Астана қаласында өз жалғасын таппақ. Дәлірек айтқанда, Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Адил Хасан ал-Хамад бастаған делегация мешіт жамағаттарына, шәкірттерге тегін Құран Кәрім табыстайтын болады.

Уақыты: 18-қазан, 10:00-де;

Өтетін орны: «Нұр Астана» орталық мешіті

 

Нұр Астана орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Бөлісу: