26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін қызметін жандандыруда айқындалған төрт бағыт

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қала имамдарына жиналыс өткізді. Басқосуда Бас мүфти тапсырмаларының орындалу барысы пысықталды. Сондай-ақ, наиб мүфти имамдарға нақты 4 бағыт бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

1.  Елімізде тұңғыш рет өткен имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасын жан-жақты халыққа кеңінен насихаттауды қолға алу қажет. Әр түрлі кездесулерде мен уағыз-насихат барысында құжат мазмұнын ашып түсіндіруге және ел мұсылмандарының шариғат пен сенім тұрғысынан ұстанымдарын паш етуге күш салу керек.

2.  Бүгінгі таңда ҚМДБ қарасты «Хикмет» телерадиостудиясы дәстүрлі Исламды дәріптеу жолында аянбай еңбек етуде. Осы мүмкіндікті барынша пайдаланып, бекітілген кесте аясында насихат жұмысына атсалысу керек. Сондай-ақ, тұғырнаманы басшылыққа ала отырып, бейне-уағыз дайындау тиіс.

3.  ҚМДБ-ның төл басылымы «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылу жұмыстарын ұйымдастырып, оқырман арасында насихаттау.

4.  Мешіт жамағатымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жастардың әр түрлі теріс ағым жетегінде кетпеуі үшін ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу уақыт талабы.

Жиында наиб мүфти Н.Тағанұлы қала имамдарына: «Діни басқарманың әрбір тапсырмасына үнемі назар салып, оған жіті көңіл қоюымыз қажет. «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты республикалық І имамдар форумында мәні мен маңызы зор төрт құжат қабылданғандығы баршаға аян. Соның ішінде біздің елдегі діни ұстанымымызды айқындайтын басты тұғырнамамыз бар. Сонау ғасырлар бойы ұстанған сеніміміз бен құлшылық негіздеріміз осы тұғырнамада көрсетілген. Соны халыққа, жамағатқа жеткізу, түсіндіру ортақ міндетіміз. Сонымен қатар мешітке келген жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнатып, кез келген жат ағымның әрекетіне жол бермеуіміз қажет. Өйткені, бұл қоғамды жегідей жеген өзекті жайт», - дей келе, осы бағытта атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, жиын соңында күн тәртібінде көтерілген жат ағыммен жұмыс мәселесіне қатысты имамдар тәжірибелік ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алда атқарылар іс-шаралар жұмысын пысықтады.


 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: