25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Бас мүфти тарауық намазында жамағатқа насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти тарауық намазында жамағатқа насихат айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты.

Мешіт жамағатына «Исламдағы жала жабудың түрлері» тақырыбында көркем уағыз айтып, жала жабудың зияны мен кесіріне кеңінен тоқталды.

«Алла Тағалаға жала жабу – жаланың ең жаманы әрі ең ауыр түрі. Бұған: Құранда айтылмаған сөзді «Алла Тағала айтты» деу, Құранды әдейі бұрмалап тәпсірлеу, бір іске қатысты білімсіз түрде «адал не арам» деп үкім айту секілді істерді жатқызған.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Әнғам» сүресінің 21-аятында: «Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды» деп ескертеді.

Басқа бір аятта: «Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, адал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұқсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдерме?», – де. Сондай Аллаға өтірік жала жапқандардың, қиямет күні туралы ойы не? Расында Алла, әрине адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ, олардың көбі шүкірлік қылмайды («Жүніс» сүресі, 59-60-аяттар).

Жаланың екінші бір жаман түрі – Алла елшісіне (с.ғ.с) жала жабу. Пайғамбарымыздың тірі күнінде мүшріктер оған ақын, бақсы, сиқыршы т.б. түрлі жалаларды жапқанын тарихтан жақсы білеміз. Алла Тағала Құранның «Хаққа» сүресінің 41-48-аяттарында: «Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. Сондай-ақ, ол бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. Ол, әлемдердің Раббысынан түсірілген» деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтпаған сөзін оның хадисі деу немесе хадистің мағынасын әдейі бұрмалау сияқты істер де жалаға жатқызылады. Бұл жөнінде Әз Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  былай дейді: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөз айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!» (Бұхари (3461),  Ахмад (2/159).

Өзге адамның айтпағанын «айтты» деу, істемеген ісін «істеді» деп жалған айту – бұл адамдарға жала жабу болып табылады. Мүмін адам өзге біреуді дәлелсіз жамандаудан, кемшілігін іздеуден барынша сақ болуы қажет. Өйткені, өзгенің кемшілігін айтқан адамға арнайы сауап жоқ. Керісінше жалғаншы адамның ауыр күнәға бататыны сөзсіз.

Ендеше, жүрегімізді тәрбиелейтін қасиетті Рамазан айында ешкімнің сыртынан жаман сөз, ғайбат айтпайық. Алла Тағала сіз бен бізге туралығы мен жақсылығын нәсіп етсін!» деді Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы намаз соңында жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

260323 Haziret 1

260323 Haziret 2

260323 Haziret 3

260323 Haziret 4

260323 Haziret 5

260323 Haziret 6

260323 Haziret 7

260323 Haziret 8

260323 Haziret 9

ummet.kz

Бөлісу: