25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде тарауық намазы басталды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде де алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды.

Аталған игі шараға, мешіт ақсақалдары, мешіт имамдары мен мыңдаған елордалық мұсылман жамағаты қатысты. Жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кіріп, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқыла басталды. Осы үрдіс ай бойы жалғасады. Жалпы «тарауық» сөзі қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады. Әбу Ханифа мазһабы бойынша 20 рәкәғат оқылады.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қағыс қалмауға шақырды. Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды.

Атап айтқанда, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы, 2001-2004 жылдары Шымкент қаласы «Да аль-арқам» Құран жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаған. 18 жылдан бері хатым етуде.

Екінші қари Мұрат Дайрабайұлы, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы. 1995-1998 жылдары Стамбул қаласында Құранды толық жаттаған. 12 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде.

Үшінші қари Mahmoud Mohamed Hasan, Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы.  17 жылдан бері ұстаздық қызметін атқаруда әрі 17 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде.

Төртінші қари Муратов Теміржан, Астана қаласы Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтында ұстазы. 2010-2014 аралығы Нұр-Мүбарак университетінде оқып Құран жаттаған. 8 жылдан бері ұстаздық қызметін атқаруда. 9 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде

Аты аталған қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады. Айта кетейік, елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан үрдіс бойынша биыл да тегін автобустар шығарылып, мешітке келген жамағаттың үйіне қайтуына мүмкіндік жасалды. Алла қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

220323 AlgashqyTarayih 1

220323 AlgashqyTarayih 2

220323 AlgashqyTarayih 3

220323 AlgashqyTarayih 4

220323 AlgashqyTarayih 5

220323 AlgashqyTarayih 6

220323 AlgashqyTarayih 7

220323 AlgashqyTarayih 8

220323 AlgashqyTarayih 9

220323 AlgashqyTarayih 10

220323 AlgashqyTarayih 11

220323 AlgashqyTarayih 12

220323 AlgashqyTarayih 13

220323 AlgashqyTarayih 15

220323 AlgashqyTarayih 14

220323 AlgashqyTarayih 15

220323 AlgashqyTarayih 16

220323 AlgashqyTarayih 17

220323 AlgashqyTarayih 18

220323 AlgashqyTarayih 19

220323 AlgashqyTarayih 20

220323 AlgashqyTarayih 21

220323 AlgashqyTarayih 22

ummet.kz

        

Бөлісу: