«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мешіт жамағатына арнап Рамазан жайында сұрақ-жауап байқауын өткізді.
Мешітке жиылған жамағатқа бесін намазынан кейін мешіт имамдары Рамазан оразасына байланысты түрлі сауалдар жолдады. Оразаның артықшылықтары мен үкімдері, оразаның кімдерге парыз, қандай адамдар ораза ұстаудан босатылғандығы, т.б сауалдарға мешіт жамағаты белсене атсалысып, жауап берді.
Жамағат ішінен сауалдарға нақты жауап берген кісілерге «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы сыйға берілді. Мешіт жамағатының санаулы күннен кейін есігімізден енгелі тұрған Рамазан айы жайлы тың ақпараттарды білетіні мешіт ұжымын қуантты. Алдағы уақытта, бұл үрдіс мешіт жамағаты арасында жалғасын табатын болады.
ummet.kz