26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти айтқа дайындық барысымен танысты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің қасиетті Құрбан айт мерекесіне  дайындық барысымен танысты. Наиб мүфти, бас имам Наурызбай қажы Өтпенов бас мүфти тапсырмасына орай Құрбан айт мерекесіне дайындық деңгейімен таныстырып, мешітті қалпына келтіру жұмыстар жайын баяндады.

 Бас мүфти: «Құрбан айты әрі мұсылмандық әрі ұлттық мерекеміз. Ел-жұрттың айт мерекесін лайықты өткізуіне бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Мешіт – тек құлшылық үйі ғана емес, бұқараның басын қосар мәдениет ошағына айналуы тиіс» деп, мерекенің мән-маңызын атап кетті.

Айта кетейік, елімізде Құрбан айтының алғашқы күні мемлекеттік деңгейде мереке ретінде бекітілген. Бұл күні барша жұрт таң сәріден мешітке келіп, айт намазын оқып, құрбандық шалып, ренжіскендер татуласып, ағайын-туыс, көрші-көлем мәре-сәре күй кешіп, ақ дастарханнан дәм татады. Ал мешіттер мереке күндері ұлттық спорттық ойындары мен түрлі шараларды ұйымдастырып, бұқарамен бірге айт мейрамының ажарын кіргізбек.


 

    ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: