25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мешіттің әйел жамағаты Құран хатым дұғасын жасады (фото)

Мешіттің әйел жамағаты Құран хатым дұғасын жасады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы Әйгерім Қайратқызының ұйымдастыруымен Құран хатым дұғасы жасалды.

Сауабы мол ізгі шараға «Сарығаш» медресе-колледжінің түлектері, мешіттің әйел жамағаты, ақ жаулықты апалар қатысты. Шараның мақсаты – мешіт жамағаты шәкірттерінің Алла разылығы үшін деп 365 күн бойы үздіксіз оқыған Құран хатымның дұғасын жасау болатын. Құран хатым батасын мешіттің наиб имамы Берікбол Мергенбайұлы оқыды. Мешіт жамағатының шәкірттері мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін жиірек дұға жасауға, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтуға шақырды.

Дұға ету барысында мешіттің әйел жамағаты, ақ жаулықты апалар жүрекжарды тілектерін айтып, еліміздің амандығын тілеп, жамағаттың мешіттерде бес уақыт намазды осылай уайымсыз оқитын кезеңі ұзағынан болуын дұғаға қосты. Оқылған Құран хатымның дұғасын қасиетті Рамазан айының аяқталуына, алдағы Ораза айт мерекесінің құрметіне Алла тағала қабыл еткей!

290422 QuranHatym 1

290422 QuranHatym 2

290422 QuranHatym 3

290422 QuranHatym 4

290422 QuranHatym 5

290422 QuranHatym 6

290422 QuranHatym 7

290422 QuranHatym 8

290422 QuranHatym 9

ummet.kz

Бөлісу: