«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен, «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен 20 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында өткен қайырымдылық шарасы ай сайын, апта сайын қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келеді. 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай өткізілген кезекті қайырымдылық игі іс отбасыларға үміт пен жылулық сыйлай білді. Келген отбасылар мешіт ұжымы мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
ummet.kz