26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мешіт жамағатына Ихсан ілімі кеңінен насихатталды (видео+фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Ихсан» сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы бір нәрсені қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» дегенді білдіреді.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің жамағатына Ихсан ілімі кеңінен таныстырылып, насихатталды. Мешіттің наиб имамы Берікбол Жанақ мырза мешіт жамағаты мен шәкірттеріне Ихсан ілімінің көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптастыратын ілім екенін, Ихсан – нәпсі тәрбиесін қалыптастырушы құрал екенін, Ихсан ілімі әуелі пенденің Аллаға деген бойсұнуынан басталатынын тілге тиек етті.

Ел арасында Ихсан ілімі соңғы кездері кеңінен насихатталуда. Өйткені мұсылман баласы кемелдікке жету үшін ең алдымен өз-өзінен есеп алып, нәпсісін тәрбиелеу арқылы тақуалық амалдарда ілгерілей түседі. Осы тұрғыдан алғанда Ихсан ілімін білу, түсіну, амал ету бармашымызға қажет қымбат құндылық.

Кемелдікке бір қадам жасаған мешіт жамағаты Ихсан тақырыбында өткен насихатты жіті түсініп, көкейлерінде жүрген сан сауалға тұщымды жауаптар ала білді.

231121 Ihsan 1

231121 Ihsan 2

231121 Ihsan 4

231121 Ihsan 5

231121 Ihsan 6

ummet.kz

Бөлісу: