26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын жүргізді (фото+видео)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қасиетті жұма күні «Нұр Астана» мешітінде сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт оқылды.

Мешітішілік өткен Мәулітке келген жамағат Мәуліт тыңдап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сансыз салауаттар жолданды. Мешіт жамағаты қатысқан биылғы Мәуліт мерекесі жүректерге иман нұрын толтырып, сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сағыныш сезімін еселеді.

Мәуліт соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеп, барша мұсылмандар үшін, отандастарымыз үшін арнайы дұға жасады.

Мешітке арнайы келген ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы ортаға шығып, жиылған жамағатқа «Жиһадтың мән-мағынасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Наурызбай Тағанұлы жиһад – ең әуелі өзіңді түзетіп, ішкі дүниең мен жүрегіңді тазарту екенін, бойымыздағы тәкәппарлық, жалқаулық, сабырсыздық, қанағатсыздық, көреалмаушылық секілді жағымсыз жаман әдет-қылықтардан арылып, олардың орнын көркем қасиеттермен толтыру керек екенін атап өтті. Бүгінде мұсылмандар үшін ең үлкен жиһад – діни сауатсыздықпен күресіп, сауатын ашу екенін айтқан бас мүфти, ислам діні – барлық мұсылмандарды көкірегі ояу, көзі ашық, тілі орамды, тағылымы мол, танымы кең, талпынысы зор тұлға болып қалыптасуға шақыратын ең асыл дін екендігін тілге тиек етті.

Juma 1

Juma 2

Juma 3

Juma 4

Juma 5

Juma 6

Juma 7

Juma 8

Juma 9

Juma 10

Juma 11

Juma 12

Juma 13

Juma 14

Juma 16

ummet.kz

Бөлісу: