Бүгін «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Шара аясында елордалық әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына азық-түлік себеттері таратылып, көмек көрсетілді. Ай сайын, апта сайын қала тұрғындарының жүзіне қуаныш сыйлайтын қайырымдылық шарасы мешіт ұжымы үшін дәсүрлі үрдіске айналып үлгерді. Бір үзім нанды басқаларымен бөлісіп жейтін қайырымды мұсылман етіп жаратқан Жаратушыға мың мадақ!
Алла Тағала Құранда: «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Сонда кім заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» («Зілзала» сүресі, 7-аят) - дейді. Бұл сізге де, бізге де насихат.
ummet.kz