26 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде Бас имам Нұрлан Рамазановтың төрағалығымен алқа мүшелерінің кезекті жиналысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қасиетті үш айлардың алғашқысы Ережеп айының құрметіне жайылған дастархан басында алқа мүшелерімен мешітте атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жайы сөз болды. Басқосу соңында аузы дұғалы қариялар бата берді.
Сондай-ақ Нұрлан Бекболатұлы алқа мүшелеріне мешіт жанындағы медресе оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын аралатып, жасалған күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстырды.