26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәуелсіздік құнының естелігі – «АЛЖИР» мұражайы (ФОТО)

Тәуелсіздік құнының естелігі – «АЛЖИР» мұражайы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубы Тәуелсіздік күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін зиярат етіп, елдігіміз жолында құрбан болған боздақтарды еске алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Халқымыз үшін ерекше қастерлі саналатын Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Нұрлан Бекболатұлының қолдауымен «Жібек» клубының мүшелері тарихи мұражай кешенін аралап қайтты.

Тарихымыздың ащы тұстары да, жақсы тұстары да біз үшін өнеге. Ал бір-бір үйдің түтінін түтетіп отырған жас аналар мен болашағынан үміт күттірер арулардың төл тарихын білуі ұрпақтар сабақтастығына сеп болары даусыз. Себебі, әрбір әйел өскелең ұрпақтың тәрбиешісі. Осындай ізгі мақсатпен «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы бастаған топ «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін зиярат етті.

Онда «Алаш», «АЛЖИР», «Жер аудару», «1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар» және тағы басқа залдарды аралаған клуб мүшелері Қазақстанның патшалық Ресей құрамына кірген кезеңнен бастап, кеңестік дәуірдегі саяси қуғын-сүргін оқиғаларының экспозицияларымен және арнайы көрсетілген деректі фильмнен тағдыр тәлкегіне ұшырап, түрме тозағына түскен, «халық жауларының» әйелдері атанған тұтқындардың тарихымен танысты.

Мұражайды аралап шыққан арулар тәуелсіздік жолында құрбан болған барша арыстың рухына іштей тағзым етіп, олардың рухына Құран бағыштап қайтты.  

pic13

2

pic9

3

pic14

1

Бөлісу: