26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мешітте діни сауат ашу курсы жандануда (ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

9 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдылық берген төрт бағытының бірі – Уағыз-насихат және сауат ашу курсының жұмыстарын жандандыру. Шын мәнінде, діни сауат ашу курсының аясындағы сабақ беру және уағыз-насихат жұмысы бүгінгі таңда жат ағымның алдын алу, халықты дұрыс діни ақпараттармен қамтамасыз ету мәселелерінде айырықша маңызға ие, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Қазіргі таңда «Нұр Астана» мешітінде сауат ашу жұмыстары жан-жақтылы жүргізілуде. «Ақида», «Құран», «Фиқһ(шариғат)», «Сира (Пайғамбар тарихы)» қатарлы дәстүрлі пәндермен қатар Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінен арнаулы дәрістер берілуде. Сабақ беруші ұстаздар құрамы ғылым докторлары, магистрлер, отандық жоғары оқу орынын тамамдаған исламтанушылар мен қарилар бар. Олар әр күні кешкілік және келушінің ыңғайына қарай кез-келген уақытта сабақ беруде.

Сонымен қатар күнделікті әр түрлі тақырыптарда бесін уағыздары айтылса, әр аптаның сенбі күні «Рухани дастархан» жобасы аясында жамағатқа арналған тақырыптық дәрістер жүгізілуде.
Мешіт жанындағы әйелдер-қыздарға секторының сауат ашу бөлімінде де аталған пәндер бойынша сабақ берілумен қатар, «Жібек» қыз-келіншектер клубының да әйел жамағатының дұрыс діни таным қалыптастыруда атқарып келе жатқан рөлі айырықша.

Мешітімізде жүргізіліп келе жатқан ер-әйелдерге арналған сабақтардың видео нұсқасы ummet.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшалар мен каналдарда жарияланып келеді.
Бүгінгі діни руханиятта жат ағымның тұзағынан сақ болу өте өзекті тақырып. Бұл мәселеден сақ болу үшін діни ақпараттарды дұрыс қайнарлардан алудың маңызы айырықша.
Сондықтан діни құндылықтарымызды үйренгісі келген әрбір азамат дінді мешіттен үйренсе екен. «Нұр Астана» мешіті ынталы азаматтардың дін тақырыбы бойынша сұраныстарын қанағаттандырып, салалық білім беру жағынан толықтай мүмкіндік жасаған.

Ниетті азаматтарға әрдайым есігіміз ашық.

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: